Ресейге жөнелтілімдер бойынша өзгерістер (СПОТ енгізілуі)
Ресейге жөнелтілімдер бойынша өзгерістер 01.04.2026 бастап (СПОТ енгізілуі)
Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Ресей Федерациясында тауарларды жөнелтуді растаудың ұлттық жүйесі (СПОТ) енгізіледі.
ЕАЭО елдерінен Ресейге жүк алушылар (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер) үшін міндеттеме енгізіледі — РФ аумағына жүк әкелуден кемінде 2 күн бұрын жоспарланған жеткізілімдер туралы Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметін алдын ала хабардар ету. Бұл электрондық құжат — алдағы жеткізілім туралы құжатты (ДОПП) рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады.
СПОТ енгізу кезеңдері:
Тест режимі — 2026 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін
Жұмыс режимі — 2026 жылғы 1 шілдеден бастап
СПОТ енгізу туралы толық ақпарат Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметінің сайтында қолжетімді:
https://www.nalog.gov.ru/rn77/related_activities/spot/
Ресейдегі жүк алушыларыңызбен байланысып, олардың СПОТ жүйесіне дайын екенін нақтылауды ұсынамыз. Сондай-ақ ДОПП және QR-кодты сізге жіберуін қамтамасыз ету қажет (тасымалдаушыға ұсыну үшін).
Әрі қарайғы әрекеттер мен өзара жұмыс істеу схемалары туралы сіздерді қосымша хабардар етеміз.
Құрметпен,
Қазақстандағы DPD командасы