Добро пожаловать на обновленный сайт DPD в Казахстане. Всё стало удобнее и быстрее. Если Вы обнаружили ошибки, у вас есть замечания или пожелания по работе сайта — пожалуйста, сообщите нам об этом. На тестовом периоде для Вас все еще доступна старая версия сайта.

Қаптама материалдары

Жөнелтулеріңіздің ішіндегі тауарлардың барынша сақталуын қамтамасыз ету үшін біз сізге қаптама материалдарының кең таңдауын ұсынамыз.

Жөнелтулеріңіздің ішіндегі тауарлардың барынша сақталуын қамтамасыз ету үшін біз сізге қаптама материалдарының кең таңдауын ұсынамыз.

DPD-нің әртүрлі қаптама материалдары сізге жөнелтудің сипаты мен габариттеріне сәйкес оңтайлы қаптама түрін таңдауға мүмкіндік береді.

=

Сенімді қаптама – уақтылы жеткізу

Жөнелтуді дайындау барысында мынаған көз жеткізіңіз:

  • Қаптамада сыртқы зақым немесе ластану жоқ
  • Қаптаманың сипаты жүктің тасымалдау және түсіру барысында бүтіндігін сақтауға, сондай-ақ басқа жүктердің зақымдалуына жол бермеуге мүмкіндік береді
  • Қаптама материалдарында жүктің мазмұнына сәйкес келмейтін ескі таңбалау және манипуляциялық белгілер жоқ
  • Егер сіздің жүгіңізді сақтау мен тасымалдаудың арнайы шарттары қажет болса, қаптамада тиісті таңбалау, манипуляциялық белгілер және жүкке қатысты нұсқаулар болуы тиіс

Қаптама материалдарын таңдау және тапсырыс беру үшін сату немесе клиенттерге қызмет көрсету бөлімі мамандарына хабарласыңыз (қаптаманың кейбір түрлері қосымша ақыға ұсынылады). Біздің қызметкерлер сізге оңтайлы қаптаманы таңдауға көмектеседі. Таңдалған қаптама материалдарын курьеріміз жеткізіп береді.

Артықшылықтар

 

  • Жүгіңіздің тасымалдау кезіндегі барынша сенімді қорғалуы
  • Жөнелтулеріңіздің жеке ерекшеліктерін ескеретін қаптаманың кең таңдауы