Қаптама материалдары
Қаптама материалдарының қолжетімділігін Қазақстандағы DPD клиенттерге қызмет көрсету бөлімінен нақтылаңыз.
DPD-нің әртүрлі қаптама материалдары сізге жөнелтудің сипаты мен габариттеріне сәйкес оңтайлы қаптама түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Жөнелтуді дайындау барысында мынаған көз жеткізіңіз:
- Қаптамада сыртқы зақым немесе ластану жоқ
- Қаптаманың сипаты жүктің тасымалдау және түсіру барысында бүтіндігін сақтауға, сондай-ақ басқа жүктердің зақымдалуына жол бермеуге мүмкіндік береді
- Қаптама материалдарында жүктің мазмұнына сәйкес келмейтін ескі таңбалау және манипуляциялық белгілер жоқ
- Егер сіздің жүгіңізді сақтау мен тасымалдаудың арнайы шарттары қажет болса, қаптамада тиісті таңбалау, манипуляциялық белгілер және жүкке қатысты нұсқаулар болуы тиіс
Қаптама материалдарын таңдау және тапсырыс беру үшін клиенттерге қызмет көрсету бөлімі мамандарына хабарласыңыз (қаптаманың кейбір түрлерін біз қосымша ақыға ұсынамыз). Біздің қызметкерлер сізге ең оңтайлы қаптаманы таңдауға көмектеседі. Таңдалған қаптама материалдарын біздің курьер жеткізіп береді.
Артықшылықтар
- Жүгіңіздің тасымалдау кезіндегі барынша сенімді қорғалуы
- Жөнелтулеріңіздің жеке ерекшеліктерін ескеретін қаптаманың кең таңдауы