Жүктi жеткiзу

Жүк алушыға Тарифтiк карталарда көрсетiлген жеткiзу мерзiмдерiне сәйкес жеткiзiледi. Жеткiзу алдында курьер алушымен хабарласып, жүктi жеткiзу уақыты аралығын келiседi.

Жүктi жеткiзу уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Алушы (заңды тұлға) жүктi алу үшiн ұсынуы тиiс:

  • Сенiмхат (бiр реттік немесе жалпы)/ Алушы компанияның мөрi;
  • Жеке басты куәландыратын құжат: жеке куәлiк немесе паспорт.

Алушы (жеке тұлға) жүктi алу үшiн жеке басты куәландыратын құжат ұсынуы тиiс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшiн жеке басты куәландыратын құжат – жеке куәлiк немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат.
  • Өзге тұлғалар үшiн – басқа мемлекеттің паспорты және Қазақстан Республикасының аумағында болудың заңдылығын растайтын құжат.

Алушы (жеке кәсiпкер) жүктi алу үшiн ұсынуы тиiс:

  • Жеке басты куәландыратын құжат және жеке кәсiпкерлердiң тiркеу туралы куәлiгi.

Жүк  “DPD КАЗАХСТАН” ЖШС жүкқұжатында қол қойылып, ұйымның мөрiмен немесе штампымен расталған қолхат бойынша берiледi.

Мекенжайда болу уақыты:

  • До 400 кг – max 20 мин
  • До 1500 кг – max 30 мин
  • До 5000 кг – max 60 мин
  • Свыше 5000 кг - max 120 мин