«ГеоПост Каспиан» компаниясы пошта және көліктік-экспедиторлық қызметтер нарығында өз қызметін 2005 жылы бастады.
2008 жылдан біз DPD бірыңғай халықаралық брендімен қызмет көрсетудеміз.
2008 жылы желтоқсанда «ГеоПост Каспиан» компаниясы «ДПД Қазақстан» ЖШС болып атауын өзгертті. DPD – бұл Еуропада 30 жылдан аса жұмыс тәжірибесі, күніне 2,5 миллион посылка жеткізу, 24000-нан аса қызметкер, дүние жүзінің 40 елінде 800 терминал.
Қазақстанда DPD өз клиенттеріне бірегей жедел жөнелту технологиясы бойынша көлік-логистикалық қызметтердің толық кешенін ұсынады.
«ДПД Қазақстан» ЖШС пошта байланысы қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ресми лицензиясы бар. Қазақстанда DPD халықаралық GeoPost холдингінің құрамына кіреді, ол француз La Poste тобының жедел жеткізу бөлімшелерін біріктіреді және посылкаларды жеткізу саласында маман және жедел жеткізу нарығында жетекші ойыншы болып табылады. Қазақстанда DPD GeoPost компания шеңберінде әрекет етеді.
Жедел жеткізу нарығындағы көшбасшы. Бізге күн сайын мыңдаған клиенттер өз жүктерін жеткізуге сенім артады. Біз халықаралық DPD желісіне кіреміз, бірақ бұл ретте біз өзіміздің ішкі нарықтағы сарапшылар болып табыламыз. «ДПД Казахстан» компаниясы Қазақстандағы DPD халықаралық брендпен жұмыс істейді.
01 қарашадан 15 наурызға дейін ең көп жеткізу мерзімі 1 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.